Ассоциация банков Казахстана

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі базалық мөлшерлемені көтерді

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа, 4,75-5% дейін көтерді.

Бұл туралы ведомствоның сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп жазады inbusiness.kz dw порталына сілтеме жасап.

Бір жылда сегізінші рет көтерілген мөлшерлеме 2006 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті.

Федералды қор жүйесінің мәлімдеуінше, бұл өсім сарапшылардың болжамдарымен сәйкес келіп, Silicon Valley Bank және Signature Bank банктері жабылғаннан кейінгі дағдарыспен байланысты болып отыр.

ФҚЖ ұзақ мерзімді перспективада жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейіне және инфляцияны 2% деңгейінде сақтауға ұмтылатынын атап өтті.

Категории: Қаржы, Әлемде

Сайт материалдарын заңсыз пайдалануға болмайды. Сайт AlmatySite.kz компаниясында жасалған