Ассоциация банков Казахстана

Тоғыз айдағы экономикалық өсім 3,4 пайызды құрады

Қаңтар мен қыркүйек арасында Қазақстан экономикасының өсімі 3,4 пайызға дейін жеделдеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,4 пайызға дейін жеделдеді. Осы есепті кезеңді негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы динамиканың жандануы нарықтық сектордағы өсу қарқының сақталуы, сауда балансының оң сальдосы, нарықтың нығаюы және өңдіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділік байқалуда», – деген ведомство басшысы аталмыш 9 айда нақты сектордағы өсім 3,5 пайызға жеткенін де атады.

«Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік 2,9 пайызға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтан, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетті. Сондай-ақ, ауыл шаруашлығында да оң жоғары өсім байқалып отыр», – деді министр.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Категории: Общая, Финансы, Экономика

Сайт материалдарын заңсыз пайдалануға болмайды. Сайт AlmatySite.kz компаниясында жасалған